Елімізде 22,7 мың адам коронавирустан емделіп жүр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 8 қаңтардағы коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 776 адам короновирус инфекциясынан (10 786 КВИ+ және 11 990 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 367 пациент стационарда, 17 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», делінген хабарламада.
коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандардың арасында:
291 адамның жағдайы ауыр;
49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Еске слаа кетсек, 7 қаңтарда Қазақстанда 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.