Елімізде 24,9 мың адам коронавирустан емделіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 24 995 адам емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде 24,9 мың адам коронавирустан емделіп жүр

3 маусымдағы мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 24 995 адам (24 351КВИ+ және 644 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 468 пациент стационарда жатыр, 15 527 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
589 адамның жағдайы ауыр,
128 пациенттің жағдайы өте ауыр,
83 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 1 маусымдағы мәлімет бойынша елімізде 19 адам коронавирустан көз жұмды. Оның 15-і КВИ+, төртеуі КВИ-.