Елімізде 25-27 сәуір аралығында қар аралас жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25-27 сәуір аралығында республикада ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде 25-27 сәуір аралығында қар аралас жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал

Белсенді фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып (солтүстікте қарға ауысады), кей жерлерде мол көлемде жаууы мүмкін. Бірқатар өңірлерде найзағай, тұман, дауыл, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік аймақтарда тыл циклонының орнын антициклон басып, ол жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.