20:11, 30 Наурыз 2021 | GMT +5
Елімізде 31 наурызда болатын маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 31 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады. Шара Zoom платформасында өтеді.
11.00-де Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында «Қазақстанның таза қалалары: шешу жолдары және мәселелер» тақырыбында онлайн брифинг өткізеді. Брифингтің көрсетілімі Sputnik.kz сайтында және сайттың YouTube парақшасында өтеді.
17.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің онлайн саммиті өтеді.