Елімізде 4 айда зейнетақы қорларына 195 миллиард теңге түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылдың алғашқы 4 айында зейнетақы қорларына 195 миллиард теңге көлемінде қаржы түскен. Бұл 2013 жылдың қаңтар-сәуір аралығымен салыстырғанда 11%-ға (19,4 млрд) көп, деп жазады ranking.kz.

Елімізде 4 айда зейнетақы қорларына 195 миллиард теңге түсті

Зейнетақы қорына түсімдер көлемі бойынша Алматы қаласы (35,6 млрд теңге), Астана қаласы (25,4 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (15,9 миллиардов тенге) үздік үштікте.

Ең қарқынды өсім көрсеткен Астананың еңбек нарығы - өсім 20%. Екінші орында ОҚО - өсім 19%. Зейнетақы қорына түсетін түсімдердің үштен бірін Астана мен Алматы қалалары қамтамасыз етеді