Елімізде 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 40 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 ақпандағы мәліметінше, қазіргі таңда 1 664 адам коронавирус инфекциясынан (–1 489+ және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 552 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

«КВИ+, КВИ-ге шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - жазды ведомстводан.