08:53, 25 Сәуір 2021 | GMT +5
Елімізде 41,7 мың адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 41 711 адам коронавирус індетінен емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
25 сәуірдегі мәлімет бойынша, 41 711 адам коронавирус инфекциясынан (41 203 КВИ+ және 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 827 пациент стационарда, 26 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 716 адамның жағдайы ауыр;
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
23 сәуірдегі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға қатысты 86 жаңа жағдай тіркелді, 3 науқас көз жұмды. 85 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 52 434, 771 адам өлімі тіркелді, барлығы 51 155 адам сауығып шықты.