09:56, 25 Наурыз 2022 | GMT +5
Елімізде 4812 науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 25 наурыздағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 наурыздағы мәлімет бойынша 5 377 адам коронавирус инфекциясынан (4 366 КВИ+ және 1 011 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 565 пациент - стационарда, 4 812 науқас - амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 37 адамның жағдайы ауыр,
- 21 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 10 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.