Елімізде 5,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 шілдедегі мәліметке сәйкес, 5 483 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таратқан деректерінде олардың 588-і стационарда, 4 895 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқаны айтылған.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды комиссия.

Айта кетейік, 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 536 079 адам, екінші компонентін 9 318 769 адам салдырды.
Соңғы жаңалықтар