Елімізде 500 мыңға жуық адам ресми жұмыссыздар - статистика

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 59423 теңгені құрады, бұл 2011 жылғы желтоқсанға қарағанда 5,9%-ға жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,1%-ға төмендеді. Бұл туралы бүгін Статистика агенттігінде өткен брифингте мәлім болды.
None
None

2012 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 127402 теңгені құрады. 2011 жылғы желтоқсанға қарағанда 6,9% өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы желтоқсанға 100,9% құрады.

«2013 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 488,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,4%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2013 жылғы қаңтарың соңына 47,9 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,5%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар