19:14, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Елімізде 51 мыңнан астам есірткі, психотроптық және токсикологиялық заттарды пайдаланушылар тіркелген
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылғы шілденің 1-індегі жағдайға сәйкес, Қазақстанда 51 366 есірткі, психотроптық және токсикологиялық заттарды пайдаланушылар тіркелген. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов мәлім етті.
«Есірткі заттарын пайдаланушылардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 5 мың адамға дейін азайды. Ал жастар арасында 30 жасқа дейін есепте тұрғандар 53,8 пайызды құрайды. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға төмен», деді комитет төрағасы.
Сонымен қатар Ж.Сүлейменов есепте тұрған әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер санының төмендеуі байқалып отырғандығын атап өтті.