Елімізде 580 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 580 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Елімізде 580 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда.

11 наурыздағы дерекке сәйкес, вакцинаның І дозасын 895 411 адам, ІІ дозасын 688 552 адам салдырды. Оның ішінде:

І компонентімен

- жасөспірімдер – 741 371,

- жүкті әйелдер – 33 947,

- бала емізетін әйелдер – 117 105.

ІІ компонентімен

- жасөспірімдер – 575 823,

- жүкті әйелдер – 25 610,

- бала емізетін әйелдер – 87 051 егілді.