Елімізде 61 мыңнан астам әлеуметтік, жастар практикасы аясында 35 мыңға жуық жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр ? Е. Орынбаев

АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 61 мыңнан астам әлеуметтік және жастар практикасы аясында 34,5 мың жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Елімізде 61 мыңнан астам әлеуметтік, жастар практикасы аясында 35 мыңға жуық жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр ? Е. Орынбаев
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста жергілікті бюджеттерді оңтайландырудың лимиттеріне қосымша жол картасында сондай-ақ тағы екі бағыт қарастырылғанын айтқан Е. Орынбаев, «бұл әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын құру», деді. Осы орайда ол елімізде 61 мыңнан астам әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспарланып отырғанын, оған тек республикалық бюджеттің қаржысы жұмсалатынын атап өтті. Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын құруды жергілікті бюджеттердің теңдей қаржыландырылуы қарастырылмаған. «Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін қосымша 5,5 млрд. теңге, жастар практикасын қалыптастырып, 34,5 мың жұмыс орнын құру үшін 3,1 млрд. теңге бөлінетін болады», деді вице-премьер.Е. Орынбаев жергілікті атқарушы органдар нақтыланған жұмыс орындарын құруы тиістігін, мұнда қатаң бақылау болатындығын, мұның барлығы жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізілетінін атап өтті.