11:16, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Елімізде 7,9 миллион адам жұмыспен қамтылған
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Алдын ала деректер бойынша 2009 жылғы төртінші тоқсанда республика экономикасында 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылған.

Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, еліміздегі жалдамалы қызметкерлердің саны 5,3 млн., жұмыссыздар - 531,8 мың адам болса, ал жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызды құраған.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2009 жылғы желтоқсанның соңында 53,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құраған.