Елімізде 9 мыңнан астам келіншек бедеуліктен зардап шегеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 9 мыңнан астам келіншек бедеуліктен зардап шегеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Денсаулық сақтау министрлігінің алдына 11 тапсырма жүктеді. Олар бұған дейін тыңғылықты талқыланды. Тек ЭКО-ға квотаны арттыруға ғана тоқталғым келеді. Президент Үкіметке келесі жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосуды және ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін арттыруды тапсырды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, ЭКО бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бастап медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосылған. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік саналады.

«Қазіргі уақытта осы әдіспен 22 мыңнан астам бала дүниеге келді. Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығының ақпараттық жүйесіне сәйкес, бедеулікпен есепте 9 467 әйел тұр», - деді Бағдат Қожахметов.


Соңғы жаңалықтар