Елімізде ағзасын ауыстыруға мұқтаж жандардың саны 5 мыңға жетті

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Елімізде бір дене мүшесінің дертке шалдығуы салдарынан өмірі қыл үстінде тұрған, ағзасын ауыстыруға мұқтаж жандар саны 5 мыңға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Елімізде ағзасын ауыстыруға мұқтаж жандардың саны 5 мыңға жетті

Біреулері жүрек ауыстыруға мұқтаж болса, енді біреулері бауырға, бүйрекке зәру. Осыған орай қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімін берушілердің саны да артуда. Осы мәселелерді жолға қою мақсатында 2014 жылы біріңғай жүйе іске қосылмақ.

2014 жылдан бастап, елімізде донорлар тізімі жасалады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдап отыр. Онда әр адам ерікті түрде донор болу үшін қалалық емханалардың бірінде тіркеле алады. Сондай-ақ, бұл жүйе электронды Үкімет сайтында да іске қосылады. Ал трансплантология орталығы қажетті сараптамалар жасап, органдарды ауыстыру қызметін ұйымдастырады.

Алдағы уақытта отандық трансплантологтар Балтық елдерімен орган алмасу туралы шарт жасасуды жоспарлап отыр. Мұндай шешім донорлық органдар кеңістігін ұлғайтып, көп адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.