Елімізде алдағы 3 жылда 90 балабақша салынады
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде алдағы 3 жылда 90 балабақша салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Алдағы 3 жылда 90 балабақша салынуы қажет. Одан басқа 2015 жылға дейін 615 шағын орталық пен 163 жеке меншік балабақша ашылады»,-деді министр.
Б. Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, бұрын жеке меншікте болған 118 және коммуналдық меншікте болған ғимараттарды босату есебінен 154 балабақша қайтарылады.