Елімізде алғаш рет мемлекеттік тілде «Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары» анықтамалығы жарық көрді
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтында «Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары» анықтамалығының жобасы таныстырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік тілде алғаш рет басылып отырған анықтамалықта еліміздегі саяси партиялардың бағдарламалары мен жарлықтары, көрнекті саяси қайраткерлерінің өмірбаяндары, сондай-ақ Елбасының бүгінгі саяси партиялар жүйесіне деген көзқарастары топтастырылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары» анықтамалығын алдағы бірнеше айдың ішінде көбейтіп шығару жоспарланған.
Іс-шара аясында «Саяси технологиялар: теориядан іс-тәжірибеге» терминологиялық сөздіктің таныстырылымы болды.