Елімізде әлі де 2,4 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 10 қаңтардағы ақпарат жарияланды.
Оған сәйкес, қазір 2 414 адам коронавирус инфекциясынан (–2 267+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 263 пациент стационарда, 2 151 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 14 адамның жағдайы ауыр
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.