Елімізде алты айдың ішінде аттракциондарда 29 бала жарақат алды - Бас прокуратура
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың 6 айында еліміздің ойын-сауық аттракциондарында 29 бала жарақат алды.
Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде 14 оқиға Астанада, 8-і Қарағанды облысында, 6-уы Павлодар облысында және біреуі Қостанай облысында тіркелген.
«Бізде аталған нысандардың құқықтық негізін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жоқ. Олардың техникалық жағдайына және аттракционда қызмет көрсетуші адамдарға тиісті талаптар қойылмаған. Көп жағдайда бұл нысандарда қызмет көрсетуші ретінде студент немесе зейнеткер секілді біліктілігі жоқ қызметкерлер тартылады»,-деді ресми өкіл.
Мұнымен қоса ол республикада аттракцион иелерін ойын-сауық қондырғыларын қолдану саласындағы қайғылы жағдайлардан сақтандыруды міндеттейтін құқықтық тетіктер жоқ екенін айтып өтті.