Елімізде әрбір үшінші қылмыс әйелдерге қатысты жасалады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылы елімізде тұрмыстық сипатта өрбіген әрбір үшінші қылмыс әйелдерге қатысты жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық істер жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.

Елімізде әрбір үшінші қылмыс әйелдерге қатысты жасалады

«Бұл 298 қылмыс немесе аталған санатта жасалған барлық қылмыстың 38 пайызы», - деп нақтылады ол.

Оның атап өтуінше, статистикалық деректерге қарағанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы ахуал көңіл көншітерлік емес.

«Учаскелік инспекция қызметтерімен тұрмыстық қылмыс саласында алдын алу және жою жұмыстары іс жүзінде жүргізілмейді», - деді Ж.Асанов.