Елімізде «Ардагерлер туралы» заң қабылданбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов аталмыш заң қандай мақсаттарды көздейтінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінгі күні Парламент қабырғасында жалпы «Ардагерлер туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Негізі бізде соғысқа қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы заң бар. Енді Парламент депутаттары «Ардагерлер туралы» заң қабылдауды ұсынып отыр. Ол әзірге жоба. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз тарапынан ондағы ұсыныстарға қолдау білдіретін болады», - деді Біржан Нұрымбетов соғыс ардагері Александр Торкинді үйіне барып құттықтағаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министр сонымен қатар, аталмыш заң қандай мақсаттарды көздейтінін де айтты.

«Бұл заң барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктердің, көмектердің бәрін жүйелеуді көздейді. Елімізде Екінші дүниежүзілік соғыспен бірге Ауған соғысының ардагерлері де бар. Сол себепті, жеңілдіктердің бәрін біз заңға топтастыру көзделген. Жуық арада ол заң жобасы туралы толығырақ еститін боласыздар», - деді ол.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қарттар күніне орай жасы жүзге келген елорда тұрғыны Александр Торкинді үйіне барып, құттықтап қайтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар