Елімізде әскери техникалар жазғы пайдалану режіміне көшірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы күштерінде техника мен қару-жарақты жазғы пайдалану кезеңіне дайындау жөнінде жоспарлы іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Елімізде әскери техникалар жазғы пайдалану режіміне көшірілуде

Бұл бағыттағы белсенді жұмысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 01731 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алғашқылардың бірі болып бастады. Техниканы жазғы режімге көшіру бойынша іс-шаралар дәстүрлі болып саналады. Жыл сайын әскери техниканың әрқайсысына, қару-жарақ пен әскери техникаға, парк-гараж жабдығына маусымдық қызмет көрсету жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіледі. Қару-жарақ пен әскери техникаға маусымдық қызмет көрсету жылына 2 рет жүзеге асырылады. Жазғы кезеңге пайдалануға дайындалатын техникалар қатарында зымыран-артиллериялық қару-жарағы, автомобильді және броньды танк техникасы бар.

Әскери қызметшілер жанар-жағармай материалдарының қысқы түрлерін жазғысына ауыстырды. Алдын алу іс-шаралары барысында қозғалтқыштар, жүріс бөліктері мен т.б. жұмысын қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсетіліп, дайындалады. Техника мен қару-жарақ ұдайы негізде бүтін күйде және жауынгерлік әзірлікте болуы тиіс. Бұған аталмыш техниканы ұқыпты ұстау және оны уақытылы баптау негізінде қол жеткізуге болады.

2 3