Елімізде астық бағасы жыл бойы тұрақты болады - трейдер

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Елімізде астық бағасы наурыз айының ортасына дейін тұрақты сақталады. Бұл туралы бүгін «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасының маркетмейкері "Торино-06" ЖШС директор- трейдері Оразбек Жөндібаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазір әлемдік биржа алаңдарында тұрақтылық орнаған. «2010 жылға жорамал бойынша астық бағасы 2009 жылғы баға деңгейінде қалады. Тек дәстүр бойынша көктем кезінде астық бағасы аздап көтерілуі мүмкін. Алайда бізде 2008 жылдан қалған астық қалдығы барлығын ескерсек, астық бағасының қымбаттауына себеп жоқ», дейді трейдер. Естеріңізге сала кетейік, «ЕСЖ» тауар биржасындағы астық бағасы тоннасына 15 мың теңге көлемінде болып отыр.Оразбек Жөндібаевтың сөзінге қарағанда, осы деңгейдегі баға жыл бойы сақталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
Референдум