Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 32 жол бөлігі жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде күн райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жүздеген шақырымдары жабық болып қалуда.
Жабылған 32 күре жолдың екеуі – елордадан Қарағанды және Атбасар қалалары бағытында. Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды қаласынан төрт бағыттағы жолдар жабылған.
Сондай-ақ, қар, бұрқасын және жолдың нашар көрінуіне байланысты Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелген.
Жамбыл облысында Тараз мен Шымкент арасындағы жол көліктің барлық түрі үшін жабылды.