Елімізде ауасы қатты ластанған қала саны сәл азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ауасы жоғары деңгейде ластанған қалалардың саны 10-нан 9-ға дейін кеміді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экология, геологи я және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім етті.

«Экология мониторингінің қорытындысы бойынша, 45 өндірістік қаланың ішінде 9 ірі қалада ауаны ластаудың жоғары деңгейі тіркелген. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Жезқазған қаласы жылдың басында жоғары деңгейден орташа деңгейге өтті», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингіде.

Айтуынша, биыл бірінші жарты жылдықта республика бойынша, ластаушы шығарындылардың көлемі 0,9 млн тонна болған.

«Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 18 пайыз төмен. Республика қалаларындағы ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болады. Мысалы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ластанудың негізгі пайызы жылу-энергетика көздері мен автокөліктерге, жеке секторға тиесілі. Өскемен мен Теміртау қалаларында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе және Атырау қалаларында ескірген кәріздік тазарту құрылыстары ластануға себеп болуда.

Аталған өңірлердің бәрінде жұртшылықпен кездесіп, мәселені шешудің жолдарын талқыладық. Соның аясында 16 жол картасы әзірленіп, 485 іс-шара жоспарға алынды. Екі жылдың ішінде 188 шараның 96-сы орындалды. Бұл – 54 пайыз деген сөз», -деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.


Соңғы жаңалықтар
telegram