17:17, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялау механизмі өзгеретін болады ? А. Күрішбаев
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялау механизмі өзгеретін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Субсидиялаудың қазіргі механизмдері өзгереді. Субсидия бұрынғыдай 1 килә етке немесе 1 литр сүтке берілмейді. Енді қайта өңдеуші салаға бағытталатын ет пен сүт өнімдері ғана субсидияланатын болады, деді бүгін Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейінгі брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев. Оның айтуынша, осылайша еліміздегі қолданыстағы өңдеуші кәсіпорындардың қуаттары іске қосылатын болады.