Елімізде ажырасулар саны 6,5 пайызға өсті

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында 88 мың неке тіркелді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Елімізде ажырасулар саны 6,5 пайызға өсті

«Неке саны 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға артты», - деді агенттік басшысы

Оның сөзіне қарағанда 29,7 мың ажырасулар тіркеліп, олардың саны 6,5 пайызға өсті.