Елімізде Азия ойындарына қатысушы Катар елінің құрама командасы келді
АНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Астанамыздың сәулетті мұз қалашығында 7-қысқы Азия ойындарының қатысушылары ретінде қазақ топырағына табан тіреген Катар елінің құрама командасын қарсы алу мен қошемет көрсету рәсімі болып өтті.
«Шет елдік қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алу еліміздің достық ілтипаты мен зор құрметін танытады», - дейді қарсы алу шарасын ұйымдастыру алқасының басшысы, Спорт департаментінің директоры Виктор Абоимов.
Салтанатты шара аясында достық пейілдің жарқын нышаны ретінде Республикалық Ұлан Катар елінің байрағын көтеріп, қатысушылар құрметіне осы елдің Әнұраны қазақ аспанының астында қалықтады.
Шара барысында мәнерлеп сырғанау бойынша бақ сынағалы келген Катар құрама командасының мүшелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.