Елімізде «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елімізде «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауы өтіп жатыр. Бұл шара үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан 1 шілдесіне дейінгі мерзімде жалғасуда.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспарын орындау шеңберінде елімізде ауқымды жұмыс жүргізілуде. Алғашқы институционалды реформаны іске асыруға, яғни кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Жоспардың 15 қадамында мемлекеттік қызметшілердің қызмет сапасы мен түпкілікті нәтижелерді бағалауға бағытталатын және аттестация қорытындысы мен қызмет бабында өсу мәселелерінің өзара байланысуын қамтамасыз ететін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің кезектен тыс аттестациясын өткізу көзделген.

Мемлекеттік қызметшілердің санын ескере отырып, аттестаттау кезең-кезеңмен 3 деңгейде жүзеге асырылуда.  Бұрындары үш жылда бір рет өтетін сынаққа қарағанда биылғы жылдың аттестаттау  науқаны  әлбетте өзгеше.

Мәселен, мемлекеттік қызметкерлер құқықтық сауаттылығы бойынша тест тапсырмайды. Оның орнына қызметтегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін маманның біліктілігі бағаланады. Сынақ арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы өтеді. Аттестацияның қорытындысы бойынша комиссия мүшелері қызметкердің лауазымын жоғарылату туралы шешім қабылдауға құқылы. Ал декреттік демалыстағы, аяғы ауыр, 3 жасқа дейінгі балалары бар келіншектер, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер аттестациядан толық босатылады.

Аттестаттаудың әр деңгейінде тиісті аттестаттау комиссиялары құрылған болатын. Оларда мемлекеттік қызметшілер аттестаттауды атқаратын лауазымдарының санаттарына байланысты өтетін болады.

Бірінші деңгейде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы құрылды.

Екінші деңгейде орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппараттарында құрылатын аттестаттау комиссиялары жұмыс істейді.

Үшінші деңгейде орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ аудандардың, қала аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімі аппараттарында құрылатын аттестаттау комиссиялары құрылды.

Барлық деңгейлерде аттестаттау үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы - бағалау парағын дайындау, екіншісі - жеке құзыреттерді бағалау үшін тестілеу және соңғысы - ЖАК немесе тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту.

Аттестаттаудың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 63 -бабына сәйкес келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

  • атқаратын мемлекеттік лауазымынасәйкескеледі және лауазымынжоғарылатуға ұсынылады;
  • атқаратын мемлекеттік лауазымынасәйкес келеді;
  • атқаратын мемлекеттік лауазымынасәйкес келмейдіжәне мемлекеттік лауазымынтөмендетуге ұсынылады;
  • атқаратын мемлекеттік лауазымынасәйкес келмейдіжәнежұмыстан босатуға ұсынылады.

Айта кетейік, «А» корпусының кадрлық резервінде тұрған 56 жастағы әйелдер мен 61-дегі ер адамдар  бұл сынақты тапсырмайды. Сондай-ақ, жұмысқа жаңадан қабылданған және алты айдан аз уақыт еңбек еткен қызметкерлер де аттестаттаудан босатылады.

Соңғы жаңалықтар