Елімізде балабақша мәселесі ең өзектілердің бірі - Алматы тұрғыны

Ы. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -  «Кеше тікелей эфир барысында көтерілген балабақша, экология мәселелерін өзекті мәселелердің бірі деп санаймын»,

Елімізде балабақша мәселесі ең өзектілердің бірі  - Алматы тұрғыны

дейді Алматы тұрғыны, жас ана  Жазира Жұмағұлова.

         «Тікелей эфирді кеше отбасымызбен бірге көрдік. Ол бүгінгі күні өзекті деген ипотека, жұмыссыздық,  зейнетақы, жастар саясаты, білім, ғылым және тағы да басқа мәселелердің талқыланғандығымен ұнады. Әсіресе, экология, балабақша жөнінде айтқан Елбасының жауабы қызықтырды. Өйткені менің  кішкентай екі балам бар. Біз балаларымыз дүниеге келгеннен бері әлі кезекте тұрмыз. Кеше тікелей эфирде «Осы мәселе бойынша жұмысты тоқтатпаймыз, елдің барлық сұранысын қамтамасыз ету үшін республика бойынша шамамен 800 балабақша салуымыз керек», деген Мемлекет басшысының сөзі қатты ұнады. Шынымен де бұл  өзекті проблемалардың бірі деп санаймын. Енді ел Президентінің сөзінен кейін бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын. Сонымен қатар, экологияға байланысты, Алматы ауасының тазалығы жөнінде, «ішінара биоэтанол енгізуді қарастырудамыз», деген сөзі ұнады. Әрине, бұл мәселені барлық қалаларға да қатысты айтылған ой деп білемін. Біз тек Алматының ғана емес, еліміздің барлық қалаларының таза болғандығын қалаймыз», дейді Алматы тұрғыны Жазира Жұмағұлова.