Елімізде белгіленген орасан зор бағдарламалардың жастарсыз орындалуы мүмкін емес - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев

ТАРАЗ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Елімізде белгіленген орасан зор бағдарламалардың жастарсыз орындалуы мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Таразда өтіп жатқан жастар форумында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев атап көрсетті.
None
None

«Бүгінгі таңда облыста жеделдете дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 807 миллиард теңгенің 19 жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұдан басқа осы жылы, өткен жылға қарағанда, молырақ көлемде Жол картасы жобасы жүзеге асырылады. Шаруашылықтың түрлі салаларында 8,6 миллиард теңгенің 200-ден астам нақты жобалары орындалмақ. Оларды іске асыруға 8,5 мың адам тартылады», - деді Қ. Бозымбаев.

Аймақ басшысы кадрларды оқыту және қайта даярлауға (бұл, негізінен, жастар - 4,6 мың адам қамтылады деп жоспарланған) 311 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деп атап өтті. Жол картасын жүзеге асыру аясындағы жастар практикасы бағдарламасын шешу барысында биылғы жылы сондай-ақ 3000 жаңа жұмыс орнына 360 миллион теңге бөлінбек.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жастар - біздің болашағымыздың негізі - өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді» - деп атап көрсеткендей, деді облыс әкімі одан әрі, жас жігіттер мен қыздарымыз патриот-жаңашыл азаматтарға айналуы үшін аймақта «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын тиімді орындау жолында барлық күш жұмсаудамыз, деп те атап айтты.

Форумда жастар мен еліміздің басты капиталы - сапалы жоғары білім екені атап көрсетілді. «Біз облысымызда жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау бойынша үлкен жұмыстар атқарудамыз. Орта кәсіби білім мамандарын дайындауға жыл сайын мемлекеттік гранттар тағайындалады», - деді әкім.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында орта кәсіби білім беретін 56 ұйымда 39,5 мыңнан астам оқушы кәсіптік және техникалық дағдыларға машықтануда. Іс жүзінде кәсіптік мектептердегі оқушылардың 95 пайызы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқып, білім алуда. Үш мыңға жуық жас жігіттер мен қыздар жоғарғы оқу орнында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жүр.

Соңғы жаңалықтар