Елімізде бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрылған жанар-жағармай құю стансаларының республикалық желісі бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі беретін мобильді қосымша жасауда.

Елімізде бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің басқарушы директоры Дәулет Калеханов мәлім етті.

«Бізде өте көп жобалар бар. Оның бірі - мобильді қосымша жасау. Талон, жеңілдік беретін карталар сияқты шешімдер өткеннің сарқыншағы болып қалады. Жүргізушілер ақшасыз есеп айырыса алады, ешқандай штрих-кодтар да қажет емес», - деді ол.

Компанияның коммерциялық директоры Сәби Сұлтанбеков атап өткеніндей, енді жүргізушілер талон мен жеңілдік карталарын өзімен тасып жүрмейтін болады, барлық ақпарат смартфонда сақталады.