Елімізде биоотын өндірісін дамыту үшін заңдық негіз қажет болып отыр
АСТАНА. Мамырдың 23-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті «Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасына өз қорытындысын шығарды және осы жобаның жұмыс тобында талқыланғандығы, енгізілген түзетулер жөнінде мәлімет берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасының мақсаты ? биоотын өндірісін және айналымын дамыту, биоотын өндірісі кезінде мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау. Заң жобасын бірінші оқылымға дайындау барысында депутаттар тарапынан 126 ескерту мен ұсыныс келіп түскен. Қорытынды салыстырма кестеге жұмыс тобында талқылаудан өткен 92 түзету енгізіліп отыр. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті осы заң жобасын Палатаның қарауына шығаруға болады деп есептейді.