Елімізде бір күнде 158 науқас коронавирустан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан көз жұмғандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде бір күнде 158 науқас коронавирустан қайтыс болды

5 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында 128 адам - коронавирустан, тағы 30 адам – коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Ең көп пациент өлімі елорда мен Атырау облысында тіркелген - 18 адамнан, Шымкент қаласы мен Қарағанда облысында 17 адамнан қайтыс болған.

Еске сала кетсек, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 871 адамның жағдайы ауыр, 416 пациенттің жағдайы өте ауыр, 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.