Елімізде бір тәулік ішінде өрттен 2 адам көз жұмды - ҚР ТЖМ

АСТАНА.ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Елімізде бір тәулік ішінде өрттен  2 адам көз жұмды  - ҚР ТЖМ

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды. Өрт 3 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 1966 жылғы ер адамның денесі табылды.

Сондай-ақ, Қостанай облысы Арқалық қаласында бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 12 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Қауіпсіз жерге 10 адам шығарылған. Оқиға орнынан 1978 жылғы ер адамның мәйіті табылды.