Елімізде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыру жәрмеңкесінің нәтижесінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы төмендеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

 Елімізде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады

Атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін қиярға - 58,7 %, қызанаққа - 28,7 %, жұмыртқаға - 27%, қарақұмық жармасына - 13,4 %, күнбағыс майына - 6,6 %, қантқа - 1,8 % төмендеуі байқалды.

Өнім өндірушілерден тікелей тұтынушыға жәрмеңке арқылы нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылатындай жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен, маусым айының басында қатарынан 3200 жәрмеңке өткізілді.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен өндірушілер арасында азық-түлік тауарларын бекітілген бағамен іске асыруға қатысты, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме бағасын 10% асырмау үшін сауда субъектілерімен меморандумға қол қойылды.