Елімізде биржалық сауда-саттық уақытша тоқтатылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 қаңтарда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Биржалық комитет сырттай отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде биржалық сауда-саттық уақытша тоқтатылмақ

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілгеніне және жекелеген биржалық тауарларға бағаларды уақытша реттеу белгіленгеніне байланысты, Биржалық комитет тауар биржаларында биржалық сауда-саттықты тоқтата тұруды ұсынды.

Биржалық сауда-саттықты қайта бастау мәселесі елдегі ахуал тұрақтандырылғаннан кейін қаралатын болады.