Елімізде биыл 40 бала мен жасөспірім суға кеткен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде өткен жылға қарағанда адамдардың суға батып кету көрсеткіші азайған. Дегенмен, биыл да суға кету фактілері бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Ұларбек Абыкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су айдындарында шомылу қауіпсіздігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, биыл жыл басынан бері 144 адам суға батып кетті (өткен жылмен салыстырғанда 17% төмендеген). Суға кеткендердің ішінде 40 кәмелет жасына толмағандар болды. Сонымен қатар, жыл басынан бері 161 адам суға батудан құтқарылды, олардың ішінде 56 кәмелетке толмаған бар. Талдау жұмыстары көрсеткендей, суда өлімге алып келетін басты себептердің бірі - адамдардың, әсіресе балалардың қауіптің барын түсінбеуі», - деді Ұларбек Абыкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, суға бату фактілерінің 97%-ы шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркеледі.

«Шомылуға рұқсат етілген орындар туралы мәліметтер БАҚ-та, әкімдіктер мен әр өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттарында орналастырылған. Осы уақытта дейін атқарылған профилактикалық, кешенді жұмыстардың қорытындысына сәйкес биыл суға бату фактілері азайған. Өкінішке қарай, соңғы 3 жылда су 1 100-ден астам адамның өмірін қиды, олардың арасында 321 бала болды», - дейді ТЖМ өкілі.


Соңғы жаңалықтар
telegram