Елімізде биыл болжам бойынша электр энергиясын тұтыну және өндіру 83-84 млрд. кВт/сағатты құрайды

АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде биыл болжам бойынша электр энергиясын тұтыну және өндіру 83-84 млрд. кВт/сағатты құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, 2009 жылдың соңынан бастап Қазақстанда электр энергиясын тұтыну және өндіру көлемінің өскені байқалды. «Шұғыл деректер бойынша, қазіргі күнде республикамызда 42 млрд. кВт/сағат электр энергиясы тұтынылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 9,7 пайызды құрады. Осы уақытта 41,5 млрд. кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, өсім 7,5 пайызды құрады», деді ол. «Біздің болжам бойынша, биыл елімізде электр энергиясын тұтыну және өндіру 83-84 млрд. кВт/сағатты құрамақ. Бұл өте жақсы өсім. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта біз әлі мұндай көрсеткішке қол жеткізген емеспіз», деді Д. Тұрғанов.

Соңғы жаңалықтар