14:49, 14 Қазан 2021 | GMT +6
Елімізде бөлшек сауда көлемі 6 пайызға артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 6 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 9186,1 млрд теңгені құрады немесе 2020 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 6 пайызға көп», - делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, осы жылдың 9 айында республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (32,1 пайыз), Нұр-Сұлтан қаласына (11,3), Қарағанды (8,9) және Шығыс Қазақстан (8,7) облыстарына тиесілі болып отыр.