Елімізде былтырғыға қарағанда азық-түлік бағасы біршама өсті - Статистика
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2013 жылғы қарашамен салыстырғанда 7,7 пайызға өсті. Бұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті келтіріп отыр.
Атап айтқанда, 2014 жылғы қарашада 2013 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 17 пайыз, ұнға - 15,3 пайыз, сүт өнімдеріне - 11,3 пайыз, жармаларға - 10,5 пайыз, кофе, шай және какаоға - 9,6 пайызға қымбаттаған. Бұдан бөлек, балық және теңіз өнімдеріне - 9,5 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 9,2 пайыз, тоқаш және ұн өнімдеріне - 9 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,8 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 8,6 пайыз, макарон өнімдеріне - 7,4 пайыз, нанға - 6,7 пайыз, май және тоң майға - 1,7 пайызға баға өсімі тіркеліп отыр.
«Сонымен қатар, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 4,9 пайыз құрады. Ал құс етіне баға деңгейі 18 пайыз, шұжық өнімдеріне - 11,4 пайыз, шошқа етіне - 5,9 пайыз, жылқы етіне - 2,2 пайыз, қой етіне - 0,2 пайызға жоғары болды», - делінген баспасөз баянында.