Елімізде COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жинақталған клиникалық тәжірибелерді зерттей отырып, біз осы аурулардың (КВИ мен пневмония) ұқсастығы барын атап өтеміз. Сол себепті оларды емдеудің бірыңғай тактикасын қолдану керек деп есептейміз. 11 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жағдайларын жаңа форматта классификациялау және тіркеу бойынша ресми хабарламасы келгенін атап өткім келеді», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда COVID-19 жағдайлары зертханалық тұрғыда дәлелденген мәліметтермен ғана жүргізілетінін жеткізді.

«Әйтсе де, маусым айының үшінші онкүндігінен бастап қоздырғышы айқындалмаған, яғни зертханалық тұрғыда расталмаған пневмония вирусының өсімі байқалды. COVID-19 індетін жұқтыру мен өлім-жітім статистикасы мәліметтердің екі көзінен құралады: COVID-19 жағдайының зертханалық тұрғыда расталған мәліметтері мен айқындалмаған вирусты пневмония бойынша мәліметтер. Халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодын қолдана отырып, COVID-19 кодтауына толық өту 1 тамызда басталады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар
telegram