Елімізде COVID-19 қарсы 9,4 млн адам егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 410 880 адам, ІІ компонентін 9 042 521 адам салдырды. Бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде COVID-19 қарсы 9,4 млн адам егілді

Бұдан бөлек, елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда.

8 наурызға дейін «Pfizer»-дің І дозасын 882 904 адам, ІІ дозасын 662 677 адам салдырды. Оның ішінде:

І компонентімен

- жасөспірімдер – 731 214;

- жүкті әйелдер – 33 450;

- бала емізетін әйелдер – 115 253.

ІІ компонентімен

- жасөспірімдер – 554 223;

- жүкті әйелдер – 24 786;

- бала емізетін әйелдер – 83 600.