Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20-22 қыркүйек күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында күн ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

Атмосфералық шептерден тұратын барикалық жыра Қазақстанның батыс бөлігіне ығысып, республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында ауа райының бұлтты, жауын-шашынды болуына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Жексенбі күні ауа ағындары солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарға, ал дүйсенбіде оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерге жетеді. Осыған байланысты, аталған аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Синоптиктердің айтуынша, демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы 30…38°С-қа дейін көтеріліп, климаттық нормадан 4…8°С жоғары болады.