Елімізде е-ислам порталы іске қосылады

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жыл аяғына дейін е-ислам порталының іске қосылатынын мәлімдеді. Аталмыш жобаға 175 мың доллар бөлінген, деп хабарлайды Muslim.kz.

Елімізде е-ислам порталы іске қосылады

«Келесі жылы еш кедергісіз пайдалануымыз үшін оны жыл аяғына дейін іске қосып үлгеруіміз керек»,- деді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, ақпараттық, ағартушылық бағытта жұмыс істейтін порталда асыл дініміздің негіздері тарқатылып түсіндірілетін болады. Сонымен қатар, түрлі діни ұғымдарды, соның ішінде, радикалды ағымдарды түсіндіріп беретін блог та ашылатын болады.

Түркияға Алтайдан көшкен қазақтар
Ұқсас жаңалықтар

Алакөлде туып, Гималайда ғұмыры үзілген Сәліс Әміреұлы жайлы не білеміз