Елімізде егде жастағылардың науқас, мүгедек және өлім көрсеткіштері еңбекке қабілеттілерінен 2-8 есе артық
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Елімізде егде жастағылардың науқас, мүгедек және өлім көрсеткіштері еңбекке қабілеттілерінен 2-8 есе артық. Бұл туралы Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық орталық директорының орынбасары Татьяна Слажнева Алматыда өткен дөңгелек үстелде мәлім етті.
Оның айтуынша, 2011-2020 жылдарға арналған Қарт адамдардың жағдайын жақсарту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары халықаралық Мадрид жоспарының ұстанымдары негізге алына отырып құрылған. Естеріңізге сала кетейік, Мадрид жоспары 2002 жылы БҰҰ-ның қартаю мәселелері жөніндегі екінші дүниежүзілік ассамблеясында қабылданған болатын.
Құрылып отырған Ұлттық іс-қимыл жоспарының мақсаты қарттардың өмір сүру деңгейін жақсарту, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін арттыру мен оларды еліміздің әлеуметті-экономикалық дамуына жұмылдыруға бағытталған.