Елімізде егіс науқанына дайындық деңгейі жоғары - АШМ
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміз бойынша егінді жинау науқанына жалпы дайындық деңгейі былтырға қарағанда 6 пайызға жоғары.
Науқан барысына бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникаларының 92 пайызы сақадай сай әзір. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Қазіргі уақытта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны басталды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 21 шілдеге дейін 222,7 мың гектар жерден астық жинады. Бұл аталған облыстардың егіс аумақтарының шамамен 22,4 пайызына тең. Жалпы жиын-терін науқаны басталған облыстардағы егістік аумақтарында 333,9 мың тонна астық бастырылса, өнімділік орта есеппен гектарына 14,7 центнерді құрап отыр», - делінген баспасөз баянында.
Жемшөп дайындау жұмыстары да жаппай жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінгі күні 6,5 млн. тонна пішен дайындалған. Бұл жоспардың 44 пайызын құрайды.