Елімізде екі облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде екі облыста ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елімізде екі облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

7 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Ал, 7-9 қараша аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 8-9 қарашада өңірдің кей жерлерінде желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.