Елімізде екі облыста қар көшкіні жүруі мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-5 наурызда Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында жылымықтың әсерінен қар көшкіні өтуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Елімізде екі облыста қар көшкіні жүруі мүмкін - Қазгидромет

«Қар көшкініне ұрынып қалмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыз», делінген дабылды ескертуде.